Государственное учреждение

Аппарат Балхашского районного маслихата

Мы находимся:
Алматинская область, с. Баканас
+7 (7277) 39 18 25
maslihat_balhash@mail.ru

05.04.21Өткен аптада ауданымызға облыстық мәслихаттың хатшысы Жөргенбаев Жанболат Әкебайұлы арнайы іссапармен келіп, аудандық мәслихат депутаттарымен кездесу өткізді.

Кездесуге аудандық мәслихатқа сайланған 12 депутат және облыстық мәслихатқа сайланған депутат Қыстаубаев Әбдіжаппар Өзігбайұлы, мәслихат аппаратының мамандары қатысты. Аудандық мәслихаттың хатшысы Кәдірбек Омаров жүргізген келесі кездесуде барлық санитарлық талаптар сақталды.

Жиында «НұрОтан» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру мен 2021-2025 жылдарға арналған өңірді дамыту бағдарламасы аясында аудан аумағында жоспарланған жұмыстарға тоқталып, оның сапалы орындалуын бақылау қажеттілігі түсіндірілді.

Келешекте аудан жұртшылығын толғандырып жүрген көкейкесті мәселелерді жергілікті атқарушы билікке дер кезінде жеткізіп, оның орындалуын бақылау керектігі айтылды.

Жиын соңында облыстық мәслихаттың хатшысы Жанболат Әкебайұлы халық қалаулыларының алдағы уақыттағы қызметтеріне табыстар тіледі.

Карта

Погода