Мекен жайы:
Алматы облысы, Бақанас а.
+7 (7277) 39 18 25
maslihat_balhash@mail.ru

Сессияда келесі мәселелер қаралды:

1. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ауданда іс жүзіне асыру барысы туралы (Баяндамашы – аудан әкімінің орынбасары С. Смағұлов);

2019 жылдың 11 ақпанда аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында төмендегі мәселелер қаралды:

Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы «Сайлау туралы» Конституциялық Заңының   10-бабы   4-тармағына сәйкес:

«Нұр Отан» партиясы Балқаш аудандық филиалы мәслихат депутаттарымен бірлесе отырып өңірімізде бірқатар өркенді істер атқаруда. Атап айтар болсақ, аталмыш партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында облыстық мәслихат депутаты Дүйсенбек Нұрланов пен аудандық мәслихат депутаты Мақсат Қосаев ауданымыздың тұрғыны, І-ші топтағы мүмкіндігі шектеулі азамат Жамбыл Дауылбековке қолдау көрсетті.

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудынң 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша Ұлттық қорынан бөлінген нысандардың жұмысына аудандық мәслихат депутаттары Бақанас ауылының кіреберісінде құрылып жатқан газ құбырына рейд жасап қайтты.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Алматы облысы Балқаш аудандық мәслихаты аумақтық және 22 учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы хабарлайды.

2018 жылдың 12 қазанында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында төмендегі мәселелер қаралды:

«Округке бекітілген учаскелік инспекторлармен бірлесіп, қылмыстың алдын алу, қоғамды сауықтыру, қоғамдық тәртіпті нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстары туралы». Қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулы қабылданды.

Елбасымыз өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында көпшіліктің көкейінде жүрген , елдің рухын асқақтататын мәселелерді көтеріпті. Әсіресе , «Ұлы даланың ұлы есімдері» туралы айтқан ойы көңілімнен шықты. Өйткені менің екі балам бар. Кішкентайы үш жаста. Дәл қазіргі жас «режисер» болып ойнайтын кезі. Үйде мультфильмдерден көрген кейіпкерлері кейпіне еніп ойнайды. Тілі келмесе де: «Мен человек паукпін», «Мен Халкпін» деп, тағы да басқа табиғатымызға жат кейіпкерлердің атын атап, зыр жүгіреді. Былдырлаған тіліне қызығып, сырттай қылығына сүйсініп отырсам да іштей: «Шіркін-ай, Толағайдың, Алпамыстың, Ер Тарғынның аттарын атап, соларға еліктесе ғой» деп ойлап отырушы едім. Елбасының мақаласын оқығанда қатты қуандым. Батыр бабаларымыз туралы қандай кино, ертегі, мультфильмдер түсірсе де болады. Мәселен, жеріне жаңбыр жаумай қойғанда елі үшін бір тауды көтеріп алып , арқалап алып келіп, қоя салған Толағайдай алып туралы ертегі қай халықта бар? Болса да сирек шығар. Не деген керемет?! Толағайдың бойында туған халқына деген шексіз сүйіспеншілік, жанашырлық бар. Толағай туралы бір ғана емес, бірнеше, тіпті жүздеген мультифилм түсірсе де артық болмайды. Әр қырынан, әр түрлі етіп, бейнелей берсе де жас бала жалықпас еді.

Президентіміз Н.Назарбаевтың биылғы жылы Қазақстан халқына жолдаған дәстүрлі Жолдауы жер-жерлерде кеңінен насихатталып, халықтан қолдау табуда. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында Елбасы Қазақстанда болып жатқан өзгерістерді ары қарай дамытып, оларды тың толықтыруды көздейтіндігін білдірген еді. Сондай-ақ еліміздің Бас Құжаты саналатын бұл Жолдауда бүгінгі қоғамдағы аса маңызды мәселелерге баса назар аударылды. Балқаш жерінде де Елбасының халыққа жолдаған Жолдауын насихаттау мақсатында облыстық мәслихат депутаты Нұрланов Дүйсенбек ауданымызға арнайы атбасын бұрып, «Нұр Отан» партиясы Балқаш аудандық филиалы ғимаратында мәслихат депутаттарымен, аудан активімен кездесіп, арнайы жиын өткізіп, Елбасы Жолдауына қолдау білдірді.

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы мызғымас дәстүрге айналды. Жақында ғана БАҚ беттерінде жарияланып, қазақстандықтар тарапынан қолдау тапқан Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы-ұлт Көшбасшысы саясатының салиқалы әрі көрегенді екендігін тағы бір мәрте дәлелдей түсті.

Көктал ауылдық округінде 2018 жылдың 17 қазан күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына арнаған "Қазастандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Жолдауын ауыл тұрғындарына түсіндіру мақсатында жиын өткізілді. Жиынға Балқаш аудандық мәслихат хатшысы Омаров Кәдірбек Тынышбалаұлы,Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Суанбаева Роза Шаяхметқызы, Дін істері жөніндегі инспектор Абилхамиев Мейрам қатысты.

«Мектепке жол» акциясы аясында Облыстық маслихат депутаты Д.Нұрланов, жаңа басталған оқу жылына баратын оқушыларға мектеп формасын табыс етті. Ата-аналары рахметін білдірді.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында, қаржы бөлінген құрылыс нысандарына рейдтік жұмыстар жүргізу мақсатында облыстық мәслихат депутаты Нұрланов Дүйсенбек және аудандық мәслихат хатшысы, мәслихат депутаты Омаров Кәдірбек іс-сапарға шықты.

Елімізде 2012-2019 жылдарға арналған мүгедектердің өмір сүру сапасын қамтамасыз ету және жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарының аясында ауқымды шаралар атқарылуда. Соның бір дәлелі жақында облыстық мәслихат депутаты Нұрланов Дүйсенбек Бақбақты ауылының тұрғыны Дауылбеков Жамбылға Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында көмек көрсетіп, аяқ киім жөндейтін арнайы құрылғыны тарту етті.

Әлем жыл санап емес, күн санап, тіпті сағат сайын өзгеріс үстінде. Жаңа жағдайлар, жаңа мәселелер кешегі құрған жоспарыңызға өзгеріс ендіруді, соған бейімделуді немесе қарсы тұруды талап етеді. Міне, сондықтан мемлекет деген «үлкен отбасына» өзінің ішкі дайындығын тағы бір пысықтап алу үшін, Мемлекет басшысының Жолдауы үнемі қажет.

Алматы облысының бюджетінен қаржыландырылатын облыстық басқармалардың жанындағы мемлекеттік қазыналық, коммуналдық кәсіпорындардың материалдық-техникалық қамтамасыз етілу жағдайымен жақын танысу мақсатында аудандық мәслихат хатшысы Кәдірбек Омаров, «Нұр Отан» партиясы Балқаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Данияр Садықбаев және аудандық мәслихат депутаттары-Өмірәлі Исабаев пен Күмісбек Ербаев Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжіне атбасын бұрды.

Аптаның сейсенбісінде аудандық мәслихаттың хатшысы Омаров Кәдірбек бастаған бір топ аудандық мәслихат депутаттары Исабаев Өмірәлі, Әбдіқұлов Ғалымбек, Қамзина Бибігүл, Аймақов Айдар және Ербаев Күмісбек Бірлік ауылындағы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан орта мектеп құрылысына депутаттық бақылаумен арнайы барып қайтты.

Бақбақты ауылының тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында Балқаш аудандық мәслихат депутаттары ат басын бұрып келді. Күрделі жөндеуден өтіп жатқан су құбырларының жөндеу жұмыстарымен ең алдымен танысып, кейін бірнеше нысандарды аралап қайтты.

«Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» тұрғындар арасында кеңінен тағы бір мәрте насихаттау мақсатында аудандық мәслихат депутаттары осы аптада Құйған, Жиделі, Балатопар, Топар және Желтораңғы ауылдарына барып қайтты.

Депутаттар – өдіріс орындарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен жан жақты танысты

Суретте облыстық мәслихаттың депутаты Н. Дүйсенов пен аудандық мәслихаттың хатшысы, депутат К. Омаров

Карта

Ауа райы