Мекен жайы:
Алматы облысы, Бақанас а.
+7 (7277) 39 18 25
maslihat_balhash@mail.ru

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы       23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының          1) тармақшасына сәйкес, Балқаш аудандық мәслихаты    ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Балқаш аудандық мәслихатының «Балқаш ауданының  2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2019 жылғы  27 желтоқсандағы № 58-248 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5391 тіркелген, 2020 жылдың 15 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер  9 762 860 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер 382 312 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 8 320 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 2 429 мың теңге;
трансферттер түсімі 9 396 799 мың теңге, оның ішінде:
ағымдағы нысаналы трансферттер 3 606 933 мың теңге;
нысаналы даму трансферттері 1 332 005 мың теңге;
облыстық бюджеттен түсетiн субвенциялар 1 160 638 мың теңге;
республикалық бюджеттен білім беру субвенциялары 2 845 545 мың теңге;
республикалық бюджеттен әлеуметтік көмекке және әлеуметтік қамсыздандыруға берілетін субвенциялар 15 980 мың теңге;
республикалық бюджеттен көлік және коммуникацияларға берілетін субвенциялар 408 698 мың теңге;
2) шығындар 10 888 002 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу 20 152  мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 54 312 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 34 160 мың теңге;
4) қаржылық активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті)  (-) 1 145 294 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)               1 145 294 мың теңге.».
2. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Балқаш аудандық мәслихатының «Экономикалық реформа, бюджет, тарифтік саясат, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешiм 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледі.

                                       

Балқаш аудандық мәслихатының сессия төрағасы

 

Г. Абдукулов

Балқаш аудандық мәслихат хатшысы

 

К. Омаров

 

Балқаш аудандық мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 58-248 шешіміне 1-қосымша

Карта

Ауа райы