Мекен жайы:
Алматы облысы, Бақанас а.
+7 (7277) 39 18 25
maslihat_balhash@mail.ru

Балқаш ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Балқаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Балқш ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі және мөлшері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Балқаш аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

1) «Балқаш ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы» 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 43-188 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3179 тіркелген, 2015 жылдың 23 маусымында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

2) «Балқаш ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін білім беру саласының педагог жұмыскерлеріне коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 43-188 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3180 тіркелген, 2015 жылдың 24 маусымында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Балқаш аудандық мәслихатының «Әлеуметтік-мәдени даму, құқық, қоғамдық бірлестіктермен жұмыс, бұқаралық ақпарат құралдары жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Карта

Ауа райы