2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Балқаш аудандық мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Балқаш аудандық мәслихатының «Балқаш ауданының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 58-248 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5391 тіркелген, 2020 жылдың 15 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер 9 803 647 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер 382 312 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 8 320 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 2 429 мың теңге;
трансферттер түсімі 9 410 586 мың теңге, оның ішінде:
ағымдағы нысаналы трансферттер 3 613 983 мың теңге;
нысаналы даму трансферттері 1 365 742 мың теңге;
субвенциялар 4 430 861 мың теңге;
2) шығындар 10 928 752 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу 45 883 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 80 006 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 34 123 мың теңге;
4) қаржылық активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 1 170 988 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) 1 170 988 мың теңге.».
- Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
- Осы шешімнің орындалуын бақылау Балқаш аудандық мәслихатының «Экономикалық реформа, бюджет, тарифтік саясат, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
- Осы шешiм 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледі.