Мекен жайы:
Алматы облысы, Бақанас а.
+7 (7277) 39 18 25
maslihat_balhash@mail.ru

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Бақанас ауылдық округінің халқының пікірін ескере отырып және 2019 жылғы 08 қазандағы Алматы облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде, Балқаш ауданы Бақанас ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Бақанас ауылдық округінің Бақанас ауылының солтүстік-батысында орналасқан жаңа көшелеріне келесі атаулар берілсін:

- «Нұртай Өксікбаев», «Мейментай Көжеков», «Сүндетбай болыс»,«Ерназ Қожахметов», «Балпық би».

2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Карта

Ауа райы