Мекен жайы:
Алматы облысы, Бақанас а.
+7 (7277) 39 18 25
maslihat_balhash@mail.ru

Аудандық  мәслихаттың «Халықты жұмыспен қамту, қоғамдық ұйымдармен байланыс, мәдениет, білім, құқық, денсаулық сақтау және қоршаған орта мәселелері», Бюджет, тарифтік саясат  және экономика жөніндегі тұрақты комиссия отырыстары өтті

 

Бақанас ауылы                                                          11.08. 2021 жыл

 

Тұрақты  комиссия  отырысына    аудандық  мәслихат депутаттары  шақырылды.   

 

        Күн  тәртібі: 

          «Қарой ауылының орталығында жаңадан салынған саябаққа ардагерлер кеңесі мүшелерінің және ауыл тұрғындарының ұсынысымен соғыс және еңбек ардагері, «2-ші» және «3-ші дәрежелі» «Данқ» ордендерінің иегері Садық Досболовтың есімін беру туралы» хабарламасын тындау.

 

Хабарламашы: Аудандық мәдениет  бөлімінің басшысы А.Бөпешбаев

«Балқаш ауданының 2021 жылға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу туралы» аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі мемлекеттік мекемесінің басшысының есебін тындау.

           Баяндамашы: Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі мемлекеттік мекесмесінің басшысы Өмірбаев Алпысбай Жандосұлы;

Тұрақты  комиссия  қаулы  қабылдады:

1  Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі мемлекеттік мекесмесінің басшысы А.Өмірбаевтың «Балқаш ауданының 2021 жылға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу туралы» туралы жасаған  хабарламасы есепке алынсын.

2. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі мемлекеттік мекесмесінің басшысы А.Өмірбаев аудандық мәслихат  депутаттары айтқан  ұсыныстар  мен  сын  ескертпелерді  саралап, арнайы  шара  жасап,  жүзеге  асыру  ұсынылады. 

                                                                                                                                                                            

3.  Осы  қаулының  орындалуын  бақылау аудандық  мәслихаттың  жанындағы Бюджет, тарифтік саясат  және экономика жөніндегі тұрақты комиссияның  төрағасы,  депутат Б.Өксікбаевқа тапсырылсын.

Қаулының  осындай  жобасына  алып, қосарларыңыз бар  ма?
Жоқ болса,  ұсынылған осы  қаулының  жобасын мақұлдаймыз  дейтін  депутаттардан   қол  көтерулерін  сұраймын.

 

Тұрақты  комиссия  қаулы  қабылдады:

 

      1.  Аудандық мәдениет  бөлімінің басшысы А.Бөпешбаевтың  «Қарой ауылының орталығында жаңадан салынған саябаққа ардагерлер кеңесі мүшелерінің және ауыл тұрғындарының ұсынысымен соғыс және еңбек ардагері, «2-ші» және «3-ші дәрежелі» «Данқ» ордендерінің иегері Садық Досболовтың есімін беру туралы» жасаған  хабарламасы есепке алынсын.

    2. Аудандық мәдениет  бөлімінің басшысы А.Бөпешбаев  аудандық мәслихат  депутаттары айтқан  ұсыныстар  мен  сын  ескертпелерді  саралап, арнайы  шара  жасап,  жүзеге  асыру  ұсынылады.
3.  Осы  қаулының  орындалуын  бақылау аудандық  мәслихаттың  жанындағы  аудандық  мәслихаттың  « Халықты жұмыспен қамту, қоғамдық ұйымдармен байланыс, мәдениет, білім, құқық, денсаулық сақтау және қоршаған орта жөніндегі» тұрақты комиссиянын  төрағасы,  депутат Б.Қамзинаға тапсырылсын.

17.08.21 1 17.08.21 17.08.21

Карта

Ауа райы