Мекен жайы:
Алматы облысы, Бақанас а.
+7 (7277) 39 18 25
maslihat_balhash@mail.ru

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы       23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының          1) тармақшасына сәйкес, Балқаш аудандық мәслихаты    ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Балқаш аудандық мәслихатының «Балқаш ауданының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» 2020 жылғы  28 желтоқсандағы № 73-195 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5855 тіркелген, 2021 жылдың 11 қаңтарында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
1) кірістер  6 314 340 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер 220 955 мың теңге;
салықтық емес түсімдер 14 490 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 41 000 мың теңге;
трансферттер түсімі 6 036 659 мың теңге;
2) шығындар 6 314 340 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу 46 383 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер 83 759 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу 37 376 мың теңге;
4) қаржылық активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті)  (-) 46 383 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)               46 383 мың теңге.
2. Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Балқаш аудандық мәслихатының «Экономикалық реформа, бюджет, тарифтік саясат, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешiм 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледі.
                                       
   Балқаш аудандық мәслихатының                                   
   сессия төрағасы                                                                          М. Нұрман        
                                                                       
   Балқаш аудандық
   мәслихатының  хатшысы                                                         К. Омаров

 

Шешіміне қосымша

Карта

Ауа райы