Мекен жайы:
Алматы облысы, Бақанас а.
+7 (7277) 39 18 25
maslihat_balhash@mail.ru

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы

21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Балқаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Балқаш аудандық мәслихатының «Балқаш ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2018 жылғы 2 сәуірдегі № 29-134 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4645 тіркелген, 2018 жылдың 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

2 тармақтың 1), 2) және 7) тармақшалары келесі редакцияда баяндалсын:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, жылжымайтын мүлікке құқықтарды оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланыстыәлеуметтіккөмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
7) уәкiлеттi орган – жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылатын, әлеуметтiк көмек көрсетудi жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), қаладағы ауданның халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы атқарушы органы;

4-тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
«4. «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында және «Ардагерлер туралы» 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасында, 11-бабының 2) тармақшасында,
12-бабының 2) тармақшасында және 13-бабының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.»;

7-тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
«2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері – 15 ақпанға біржолға 26 айлық есептік көрсеткіш;
3)жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер және еңбек ардагерлері – 9 Мамырға біржолға 26 айлық есептік көрсеткіш;
4) «Ардагерлер туралы» Заңның күші қолданылатын басқа да адамдар – 9 Мамырға, 29 тамызға Семей ядролық сынақ полигондағы мүгедек болып қалған азаматтарды қоспағанда біржолға 26 айлық есептік көрсеткіш ;

6)адамның иммунитет тапшылығы вирусы бар балаларға - екі есе ең төменгі күнкөріс деңгейі тоқсан сайын;»;
11-тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
«11. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды ұсынады:

         1)  отбасының  құрамы туралы мәлімет;

         2) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты;
3) табыстары туралы ақпарат;

         4) әлеуметтік көмек алуға пошта торабының шоты.
Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмек алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) кірістер туралы ақпараттары берілмейді.»
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Балқаш аудандық мәслихатының «Жұмыспен қамту, қоғамдық ұйымдармен байланыс, мәдениет, білім, заңдылық, денсаулық сақтау және экология жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Карта

Ауа райы