Мекен жайы:
Алматы облысы, Бақанас а.
+7 (7277) 39 18 25
maslihat_balhash@mail.ru

«Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 4) тармақшасына және «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы
28 сәуірдегі № 279 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына сәйкес, Балқаш аудандық мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Балқаш аудандық мәслихатының «Балқаш ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы»
    2017 жылғы 17 шілдедегі № 20-93 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4286 тіркелген, 2017 жылдың 4 тамызында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

2-тармақтың 3) тармақшасының екінші абзацы келесі редакцияда баяндалсын:

«алушының жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);»;

2-тармақтың 3) тармақшасының үшінші абзацы алып тасталсын.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Балқаш аудандық мәслихатының «Жұмыспен қамту, қоғамдық ұйымдармен байланыс, мәдениет, білім, заңдылық, денсаулық сақтау және экология жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Карта

Ауа райы