Мекен жайы:
Алматы облысы, Бақанас а.
+7 (7277) 39 18 25
maslihat_balhash@mail.ru

2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының   1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Балқаш аудандық мәслихаты  

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2021-2023 жылдарға арналған аудандық бюджеті тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2021 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер  6 222 614 мың теңге, оның ішінде:

        салықтық түсімдер 276 445 мың теңге;

        салықтық емес түсімдер 0 мың теңге;

        негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 0 мың теңге;

        трансферттер түсімі 5 946 169 мың теңге, оның ішінде:

        ағымдағы нысаналы трансферттер 875 668 мың теңге;

        нысаналы даму трансферттері 244 898 мың теңге;

        субвенциялар 4 825 603 мың теңге;

        2) шығындар 6 222 614 мың теңге;

        3) таза бюджеттік кредиттеу 46 383 мың теңге, оның ішінде:

        бюджеттік кредиттер 83 759 мың теңге;

        бюджеттік кредиттерді өтеу 37 376 мың теңге;

       4) қаржылық активтерімен операциялар бойынша сальдо 0 теңге;

        5) бюджет тапшылығы (профициті) (-) 46 383 мың теңге;

        6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)               46 383 мың теңге.

  1. Ауданның жергілікті атқарушы органының 2021 жылға арналған резерві 6 734 мың теңге сомасында бекітілсін.
  2. 2020 жылға арналған аудандық бюджетте аудандық бюджеттен ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін бюджеттік субвенциялар көлемдері 335 824 мың теңге сомасында көзделсін, оның ішінде:

Ақдала ауылдық округіне 21 291 мың теңге;

Ақжар ауылдық округіне 21 205 мың теңге;

Ақкөл ауылдық округіне 21 579 мың теңге;

Бақанас ауылдық округіне 33 842 мың теңге;

Бақбақты ауылдық округіне 23 470 мың теңге;

Балатопар ауылдық округіне 21 329 мың теңге;

Береке ауылдық округіне 21 151 мың теңге;

Бірлік ауылдық округіне 21 165 мың теңге;

Желтораңғы ауылдық округіне 21 793 мың теңге;

Жиделі ауылдық округіне 21 002 мың теңге;

Қарой ауылдық округіне 21 167 мың теңге;

Көктал ауылдық округіне 21 832 мың теңге;

Құйған ауылдық округіне 21 905 мың теңге;

Миялы ауылдық округіне 21 522 мың теңге;

Топар ауылдық округіне 21 571 мың теңге.

  1. 2021 жылға арналған аудандық бюджетте ауылдық округтердің бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер көзделгені ескерілсін, оның шінде:

Өңірлерді дамытудың 2021 жылғы дейінгі бағдарламасы шеңберінде өңірлерді экономикалық дамытуға жәрдемдесу бойынша шараларды іске асыруға.

Көрсетілген трансферттерді ауылдық округтердің бюджеттеріне бөлу Балқаш ауданы әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың «Экономикалық реформа, бюджет, тарифтік саясат, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  2. Осы шешiм 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледі.

   Балқаш аудандық мәслихатының                                  

   сессия төрағасы                                                                         Г. Абдугулов        

                                                                       

   Балқаш аудандық

   мәслихатының хатшысы                                                         К. Омаров

Карта

Ауа райы