Мекен жайы:
Алматы облысы, Бақанас а.
+7 (7277) 39 18 25
maslihat_balhash@mail.ru

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабына сәйкес

1. Мәслихат сессиясы жалпы отырыс нысанында өткiзiледi.

2. Мәслихаттың бiрiншi сессиясын тиiстi сайлау комиссиясының төрағасы ашады және мәслихат сессиясының төрағасы сайланғанға дейiн жүргiзедi. Одан әрi мәслихат сессиясын мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi.

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабына сәйкес

1. Мәслихат сессиясының төрағасын мәслихат өз депутаттарының арасынан сайлайды.

2. Мәслихат сессиясының төрағасы ашық дауыс беру арқылы мәслихат депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен сайланады. Мәслихат сессиясының төрағасын сайлау тәртiбi мәслихат регламентiнде белгiленедi.

Сессияда келесі мәселелер қаралды:

1. Аудан халқын өзін өзі азық-түлікпен қамтамасыз ету, суармалы егістік жерлерді, мал жайылымдарын тиімді пайдалану, мал тұқымын асылдандыру, мал азығын дайындауды ұйымдастыру, ауылшаруашылығын цифрландыруға көшіру және табиғат байлықтары –орман, тоғай, балық, аң-құстарды қорғаудың барысы туралы (Баяндамашы – аудан әкімінің орынбасары Б.Дәрібаева);

2. Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы

Карта

Ауа райы